Илон Маск идеясына ұқсас ұсыныс. Министр Жұманғарин бюджетті оңтайландыруға қатысты пікір білдірді

1343
Adyrna.kz Telegram

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстан үкіметіне мемлекеттік бюджетті оңтайландыруда Илон Масктың идеясына ұқсас ұсыныстың айтылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

Министрдің айтуынша, бұл ұсыныс Трамп әкімшілігінің тәжірибесіне сүйене отырып жасалған.

"Маған президент Трамп әкімшілігінде Илон Маск мырза жүргізіп жатқан жұмыс сияқты идея ұсынылғанын жасырмаймын. Ол жақта мемлекеттік басқару тиімділігі департаменті бар. [Қазақстан азаматы] өз қызметін ұсынды, идеялары барын айтты. Мен оны шақырдым, "кел, бірге жұмыс істейік, жұмыс тобын құрайық" деп айттым”, – деді Жұманғарин бейсенбі күні сенаттың кулуарында.

Сонымен қатар, министр жаңа Салық кодексіне сәйкес, ірі бизнеске арналған жеңілдіктердің қысқартылатынын атап өтті.

2025 жылғы республикалық бюджет бастапқыда 32 триллион теңге көлемінде жоспарланған, бірақ қазіргі уақытта 25,7 триллион теңгеге дейін қысқартылған.

"Бюджетті бекіту барысында 6 триллион теңге қысқартылды. Әкімшілік бюджеттік бағдарламалар арқылы 400 миллиард теңге үнемделді. Қазір біз әлеуметтік шығындарды мұқият талдаудамыз, себебі республикалық бюджет бойынша оның үлесі – 37,5%, ал жалпы бюджетте 50%-ға жетеді", – деп түсіндірді Жұманғарин.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер