“Ақпаратты түсіндірмейді”. Көлік министрлігі Ақтаудағы апатқа қатысты мәлімдеме жасады

184
Adyrna.kz Telegram

Ақтау маңындағы ұшақ апатының себебін тергеп жатқан комиссия алдын ала есеп жарияланғанға дейін расталмаған ақпаратты түсіндірмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Алдын ала есеп жарияланғанға дейін комиссия ресми дереккөзге негізделмеген ғаламтордағы ақпараттарды түсіндірмейді», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта комиссия оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

«Еске сала кетейік, комиссия алдын ала есепті ҚР заңнамасы мен ИКАО-ның 13-қосымшасы талаптарына сәйкес жариялайды», – деп толықтырды ведомство.

Бұған дейін КазТАГ ресейлік БАҚ-тың ұшақ апатынан кейін «мән-жай» жариялағанын хабарлаған болатын. Осыдан кейін Ресейдің тергеу комитеті Ақтау маңындағы әуе апаты бойынша кешенді сот сараптамасын тағайындаған.

Пікірлер