Ақтаудағы ұшақ апаты. Тірі қалған жолаушы оқиғаның қалай болғанын баяндады

481
Adyrna.kz Telegram

25 желтоқсанда Ақтау әуежайы маңында орын алған Әзербайжанның AZAL әуе компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағының апаты әлі де қоғам назарында. Апаттан аман қалған жолаушы Субхонкул Рахимовтың оқиға туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Анадолыға сілтеп.

Ресейде тұратын тәжікстандық Субхонкул Рахимов апат кезінде ұшақ бортында болған. Ол алғашқы жарылысты естігеннен кейін жағдайдың күрделене бастағанын байқағанын жеткізді.

"Мен ұйықтап жатқан едім. Ұшақтың жоғары көтеріліп бара жатқанын сезіп, жан-жағыма қарадым. Бірақ қатты тұманнан ештеңе көрінбеді. Бір сәтте ұшақ қатты сілкініп, маскалар түсірілді", – деді Рахимов.

Жолаушының айтуынша, ұшақ апат алдында теңіздің үстінен ұшқан. Екінші жарылыстан кейін ұшақ түсініксіз әрекет жасай бастаған. Рахимов ұшақ құлаған сәтте есін жоғалтқанын, бірақ экипаждың кәсіби әрекеттері жолаушыларды сабырға шақыруға көмектескенін атап өтті.

"Бортсерік әзірбайжан тілінде сөйлеп, бізді сабырға шақырды. Ол соңғы сәтке дейін өз міндетін атқарды. Бұл біз үшін үлкен қолдау болды", – деді ол.

Ақтаудағы апат кезінде 67 адам бортта болған. Оның 38-і қаза тапса, 29 адам аман қалған.

Пікірлер