Лос-Анджелестегі өрт. Үйлерді тонау ісіне қатысты коменданттық сағат жарияланды

150
Adyrna.kz Telegram
Фото: ВВС
Фото: ВВС

Лос-Анджелесте өртке қатысты коменданттық сағат жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеме жасап.

Жұма күні кешке жергілікті билік өртке байланысты тұрғындар босатқан Тынық мұхиты Палифик-Палисейдс және Итон аудандарындағы бос қалған үйлер, соның ішінде миллиондаған долларға бағаланған зәулім үйлер тоналуы мүмкін деген қауіпке байланысты жұма күні сағат 18.00-ден таңғы 6.00-ге дейін коменданттық сағат жарияланған.

"Талан-тараждың орын алып жатқанының айқын белгілері бар. Кейбіреулердің апаттан аман қалған адамдар тұрып жатқан аймақтарға тонау үшін бара жатқанының айқын белгілері бар", - деді АҚШ-тың қазіргі президенті Байден.

Байден Калифорнияда орман өртіне байланысты апатты жағдай жариялады.

Бұған дейін Калифорнияда орман өртінен 11 адам қаза тапқаны хабарланған.

Пікірлер