Алматыдағы Төле би көшесінде орналасқан ЖОО ғимаратының төртінші қабатындағы бөлмелердің бірінде төбе жабыны жанып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимаратындағы өртті сөндіруге 60-қа жуық адам тартылды.
"Өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлығы жеке құрамнан 59 адам және 16 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 4 буыны жұмыс жасауда", — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазір төтенше жағдайға байланысты Төле би және Қазыбек би көшелерінің бір бөлігі уақытша жабылған.