"Есірткі беріп, зорлаған". Ақтауда бойжеткен қайғылы жағдайда көз жұмған

296
Adyrna.kz Telegram
Фото: Astana.tv
Фото: Astana.tv

Ақтауда бірнеше ер адам бойжеткенді ұрлап, мефедрон беріп, қорлық көрсеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы НеМолчи.kz қорына сілтеме жасап.  

Қордың айтуынша оқиға 2024 жылдың мамыр айында болған. Жағдай туралы қор қызметкерлеріне марқұм қыздың ағасы баяндаған.

"Мереке қарсаңында марқұмның ағасы келген болатын. Қыз спортшы әрі фитнес-тренер болған. 14 мамыр күні жұмыстан соң үйіне жалғыз қайтып бара жатқан қызды бірнеше ер адам ұрып-соғып, күшпен көлікке отырғызған. Көзін байлап, оны қорқытып, түні бойы жанармай құю бекеті маңында ұстаған. Көліктегі зорлаушылардың бірі қызға қинап мефедрон берген. Оның әйелі, баласы бары анықталды. Сорақысы, адамтөзгісіз ұятсыз бейнежазбалар көруге мәжбүрлеп, бірнеше рет зорлаған. Таңға жуық жәбірленушіден онлайн банк арқылы 2 миллион теңге несие алдыртқан. Ер адамдардың бірі болған жайтты ешкімге айтпауын ескертіп, қызды қорқытып, қалаға тастап кеткен", - делінген жазбада.

Зорлық көрген қыз оқиғадан кейін бірден құрбысына жағдайды баяндап берген. Құрбысы ағасына хабарласып, болған жерді анықтауға кіріскен. Сол уақытта ағасы қарындасына хабарласып, бұл істі соңына дейін жеткізетінін айтқан. Қыз да арыз жазуға келісімін берген. Алайда дәл сол сәтте, құрбысының көз алдында, терезеден секіріп кеткен.

Қор бұл істі Бас прокуратураның назарына алуды сұрады. Ақпарат бойынша, жергілікті БАҚ оқиғаны тек "қыз құлап қаза тапты" деп жариялаған.

Қордың мәліметінше, қызды зорлаған 5 күдіктінің төртеуі 3-4 жыл ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін. Бұл ақпарат қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырды.

Пікірлер