Марокко астанасы Рабатта өткен каратэден жылдың соңғы премьер-лигасында спортшыларымыз Мөлдір Жаңбырбай мен Әсел Қанай үздік спортшыға берілетін «Grand Winner» номинациясына ие болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Мөлдір Жаңбырбай бұл атаққа осымен екінші жыл қатарынан қол жеткізіп отыр.
Естеріңізге салсақ, Мөлдір Жаңбырбай осы жылғы алғашқы Париждегі премьер-лигада қола жүлде алса, Ханчжоуда (Қытай) күміс медаль еншілеген. Сонымен қатар Ташкенттегі Азия чемпионатында да қола жүлде қанжығалаған еді. Ал Әсел Қанай Париж бен Ханчжоуда күміс медальға ие болған. Азия чемпионатындп да алтынға бір табан қалған кезде сүрініп, үшінші орынды місе тұтты.
Рабатта өткен турнирде Мөлдір Жаңбырбай топтық кезеңде малайзиялық Чандран Шахмалараниді жеңген болатын. Екінші жекпе-жекте әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2023 ж) италиялық Эрминия Перфеттоға есе жіберіп, плей-оффқа шыға алмады.