Қарағанды облысында мешіт толығымен өртеніп кетті

282
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы ауылдардың бірінде мешіт өртке оранды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Первый Карагандинский" телеарнасының мәліметінше, Томар ауылында орын алған оқиға салдарынан жергілікті мешіт ғимараты толығымен жанып кеткен.

Өрт кеше кешкі уақытта, ғимарат бос кезде болған.

"От ғимаратты тез шарпыды, ал қою түтін алыстан көрінді", - делінген материалда.

Жергілікті тұрғындар өрт сөндірушілер келгенге дейін жалынды сөндіруге тырысқанымен, олардың күші жеткіліксіз болған.

Өрттің шығу себептері анықталуда.

Пікірлер