Крокустағы теракт. Ыстамбұл қатаң жаза сұрады

608
Adyrna.kz Telegram
Reuters суреті
Reuters суреті

Ыстамбұл прокуратурасы Крокус терактісіне қатысты айыпталушыларға қатаң жаза сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ыстамбұл прокуратурасы Мәскеудегі «Crocus City Hall» концерт залында болған лаңкестік әрекетке қатысы бар бес шетелдікке 7,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, - деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Түркияда ұсталған күдіктілер теракті жасаушыларға нұсқау беріп, 800 мың рубль және жаңа төлқұжатпен қамтамасыз етеміз деп уәде еткен.

Еске салсақ, 2024 жылдың 22 наурызында Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Crocus City Hall» концерт залында камуфляж киген адамдар оқ жаудырған еді. Қайғылы оқиға салдарынан 100-ден астам адам қаза тауып, 150-ден астамы жарақат алды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев лаңкестік әрекеттен қаза тапқандарға байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен шұғыл жиын өткізіп, оқиғаға байланысты қабылданатын шараларды талқылады.

Түркия құқық қорғау органдары қамауға алынған шетелдіктердің терактіге қатысы бар-жоғын анықтау үшін тергеу жүргізуде. Ал Мәскеу билігі қылмысқа қатысы бар басқа тұлғаларды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Пікірлер