Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жиында Президенттің бастамасымен қолға алынған өзгерістердің түпкі мақсатына тоқталды.
«Президенттің жүргізіп отырған саясатының түпкі мақсаты – мемлекеттің іргесін мықтап бекемдеп, қуатын одан да арттырып, әлемдегі жаңа жағдайлар мен үрдістерге бейімдеу. Сондықтан, біздің еліміз ғана емес, бүкіл әлем сынаққа түскен осындай сәтте, биік мақсаттар жолында Мемлекет басшысы жүргізіп отырған осы жұмыстардың төңірегіне мейлінше топтасып, жұдырықтай жұмылуымыз керек»,- деді Мемлекеттік кеңесші.