"Мейірімді, әрі еңбекқор бала еді". Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандық ана мен бала

2748
Adyrna.kz Telegram
Фото: Әлеуметтік желіден
Фото: Әлеуметтік желіден

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың ішінде астаналық Гауһар Шаймерденова мен оның ұлы болғаны туралы ақпарат тарады. Анасы мен ұлы апаттан көз жұмған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тележүргізуші Санди Сұлтан Гауһар Шаймерденованың ұшақта болғанын хабарлады. Журналист олардың дос екенін және ол 10 жасар ұлы Эльдармен бірге Бакуден ұшқанын айтты.

“Сенгім келмейді, тірі қалды деп ойлаймын. Алла сақтасын! Гауһар екеуіміздің өте көп жоспарымыз бар еді. Кішкентай Эльдар анасының жанында болған”, – деп жазды Санди Сұлтан.

Министрліктің баспасөз қызметіндегілер апаттан қаза тапқандар арасында 11 жастағы Эльдар Жұмағат пен оның анасы бар екенін растады.

"Оқу-ағарту министрлігі қаза болған азаматтардың отбасына қайғыра көңіл айтады", - деп хабарлады білім мекемесі.

Мұғалімдер Эльдардың дарынды, мейірімді, әрі еңбекқор бала болғанын айтады.

"Жаңа ғана әуе апаты салдарынан қаза тапқандар туралы тың деректер белгілі болды. Олардың арасында 11 жасар Эльдар Жұмағат пен оның анасы да бар. Мұғалімдердің айтуынша, Эльдар — дарынды, мейірімді, әрі еңбекқор бала болған. Ол барлық таныстарының жүрегінде жарқын із қалдырды. Оқу-ағарту министрлігі қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, олардың қайғысына ортақтасады", — делінген хабарламада.

Пікірлер