"Электрошокер қолданған". Атырауда мамандандырылған әскери мектепті тексеру жүріп жатыр

1541
Adyrna.kz Telegram
Фото: Әлеуметтік желі
Фото: Әлеуметтік желі

Атырауда ата-аналар «Сармат» мамандандырылған әскери мектебінде оқушыларға қатысты зорлық-зомбылық болғанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы "Ақ Жайық" басылымына сілтеп.

"Ақ Жайық" дерегінше, мектеп тәрбиеленушілері мұғалімдердің бірнеше рет ұрып-соғып, электрошокер қолданғандарын айтады. Тіпті пышақпен қорқытқан көрінеді.

Бұл туралы әлеуметтік желіде зардап шеккен оқушылардың бірінің анасы Нұргүл Еспусинова баяндады.

«Баламның денесіндегі жарақаттарды көріп, мектепке жағдайды анықтауға бардым. Бірақ сол кезде мектеп директоры да, мұғалімдер де орнында болмады. Кейінірек баламның мектептен шығарылғанын білдім», – дейді ол.

Нұргүл Еспусинова баласы қазан айынан бастап мектепке барғысы келмейтінін айтып, ұлы білім ордасында қалудан үзілді-кесілді бас тартқанын айтады.

«Мектеп әкімшілігі ұлымның насыбай қолданғанын айтып, оны мектептен шығарған. Алайда бұл жағдайды дәлелдейтін ешқандай куәгерлер жоқ. Пакет ұлымның сөмкесінен табылды деп айтылғанымен, ол туралы мен ештеңе білмеймін. Қайта тексеріс нәтижесінде ұлымның денесінде ешқандай зиянды заттардың ізі табылған жоқ. Соған қарамастан, оны мектептен шығарды. Ұлымның кеудесін электрошокермен ұрып, пышақпен қорқытқан. Тіпті инемен шаншыған кездері болған. Ұлымның денесінде пышақ іздері бар», – дейді анасы.

Оқушыны мектептен шығарған. Жағдайға қатысты Атырау облыстық білім басқармасы пікір білдірді. Басқарма оқушының тәртіп бұзушылықтарын бірнеше рет қайталағанын және осының салдарынан мектептен шығарылғанын хабарлады.

«Оқушы қыркүйек айында бірнеше тәртіп бұзушылық жасаған. Оған ескерту берілді. Желтоқсанда бұл жағдай қайта қайталанған соң, педагогикалық кеңес шешімімен оқушы мектептен шығарылды», – делінген білім басқармасының мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта ата-аналардың шағымы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер