Су саммитіндегі бір бейне. Бердімұхаммедов беріспей жүр

361
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Бүгін Сауд Арабиясының астанасында One Water саммитінің ашылу салтанаты өтті. Саммитте Түркіменстанның экс-президенті, қазіргі Халық мәслахатының басшысы Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов бой көрсетті,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммитінің ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Ол су қауіпсіздігі орнықты дамудың, экономикалық өрлеудің және қоршаған ортаны қорғаудың негізі болып саналатынын атап өтті.

Саммитте Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Сауд, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Банга, Су ресурстары экономикасы жөніндегі жаһандық комиссияның тең төрағасы (GCEW) Йохан Рокстрем және басқа ел басшыларымен бірге Түркіменстаннан экс-президент Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов барған.

Айта кетсек, Түркіменстанды 16 жылға жуық басқарған Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов 2022 жылдың көктемінде қызметінен кетті.

Наурызда президент қызметінен кеткен Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов өзінің бақылауындағы сайлау арқылы билікті ұлы Сердарға табыстады.

2006 жылдан бері елде қатаң билік жүргізіп келген бұрынғы президент отставкаға кетсе де, мемлекетті басқару аппаратына ықпалы әлі жүріп тұр.

Бердімұхамедов президент болмаса да, мемлекет басшыларын қабылдап, үкімет отырысына қатысып, өңірлерді аралап шығып тұрады.

Оның "Арқадағ" ("қорғаушы") деген мәртебесі де бар.

Пікірлер