Президент Тоқаевтың кортежі жүретін жолдан атыс қарулары табылды

947
Adyrna.kz Telegram
фото: Pixabay
фото: Pixabay

Түркістан облысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев кортежінің бағытын тексеру кезінде атыс-қарулары табылды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы.

«Мемлекет басшысының кортежінің Түркістан облысы бойынша жүру бағытын тексеру кезінде Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ТЖК-мен бірлесіп, атыс қаруының қоймасын анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау және күдіктілерді ұстау үшін қажетті жедел іздестіру және тергеу шаралары кешені жүргізілуде.

 

Еске салайық, 27 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған еді.

Пікірлер