Балқаштан 1 мың км жерде. Су басындағы Қытай шөлді көгалға айналдырмақ

1051
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қытайдың Такла-Макан шөлі, «өлім теңізі» деген атаумен танымал, енді толықтай құм көшкінін тоқтататын жасыл жолақпен қоршалды. Бұл туралы қытайлық Синьхуа  ақпарат агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қытайдың солтүстік-батысындағы Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының билігінің мәліметінше, шөлдің ұзындығы 3 046 шақырымды құрайды.

Бейсенбі таңертең Юйтянь ауданының оңтүстік бөлігіндегі құмды аумаққа евфрат теректері, зайсан сексеуілдері, жапырақты талдар сияқты бірнеше өсімдік түрлері отырғызылды. Бұл Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының орман және дала шаруашылығы басқармасының мәліметінше, «жасыл белдеудің» соңғы бөлігін салуды аяқтауды білдіреді.

Такла-Макан шөлінің аумағы 337 600 шаршы шақырымды құрайды, ал айналасының ұзындығы 3 046 шақырым. Бұл оны Қытайдағы ең үлкен шөл және әлемдегі екінші ірі жылжымалы шөл етеді.

Еске салсақ, Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендердің суын екі ел арасында бөлісу туралы үкіметаралық келісім жобасын әзірлегелі жатқаны туралы хабарланған болатын. Бұл туралы 2024 жылдың 19 тамызында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеген.

Ақпаратқа сәйкес, құжатты әзірлеумен екі елдің мамандары кіретін бірлескен жұмыс тобы айналысуда. Келісімді әзірлеудің негізгі мақсаты – Балқаш көлін оңтайлы деңгейде сақтауға кепілдік беретін су көлемінің келуін қамтамасыз ету.

Айта кетсек, екі ел арасындағы трансшекаралық өзен - Іле. Ал Балқаш көліне құятын судың 80%-ы Іле өзенінен келеді. Қытай шөлін суарып әлек, ал экологтар Балқаш көлі тартылып барады, деп дабыл қағуда.

Пікірлер