Мысырда 45 адам мінген туристік яхта апатқа ұшырады

405
Adyrna.kz Telegram
Сурет: mlyn.by
Сурет: mlyn.by

Мысырдың Марса-эль-Алам қаласы маңында 45 адам мінген Sea Story яхтасы  теңізге батып кетті. Бортта 14 экипаж мүшесі мен 31 турист болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Апат тіркелген провинция губернаторы Амир Ханафидың айтуынша, жедел топ 28 адамды құтқарып үлгерген. Қазіргі таңда із-түзсіз жоғалған 17 адам іздестіріліп жатыр.

«Кеменің апатқа ұшырағаны туралы хабарлама дүйсенбі күні таңертең түсті. Іздестіру-құтқару жұмыстары Египет Әскери-теңіз күштері мен Әскери-әуе күштерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр»,—деп түсіндірді жергілікті билік.

РИА Новостидің мәліметінше, туристік кеме бортында Мысыр, Германия, Испания, Бельгия, Қытай, АҚШ, Словакия, Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Норвегия, Ирландия және Финляндия азаматтары болған.

Айта кетейік, яхта 24 қарашада жолға шығып, 29 қараша күні Хургада-Маринаға оралуы керек еді. Қазіргі таңда апаттың себептері анықталып жатыр.

Пікірлер