ҰҚШҰ Астанада саммит өтетінін ресми түрде мәлімдеді

140
Adyrna.kz Telegram
Сурет: РИА Новости
Сурет: РИА Новости

28 қараша күні ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін ұйымның баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2024 жылғы 28 қараша күні Астанада Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді», - делінген хабарламада.

Іс-шарада ұжымдық қауіпсіздік өңірлеріндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу, Ұлы Жеңіс күнінің 80 жылдығын бірлесіп мерекелеу жоспарларын талқылау көзделіп отыр. Сондай-ақ Қырғызстан 2025 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалық ету кезеңіндегі басымдықтарын ұсынатын болады.

Бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметі ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізу және оған әзірлік аясында 27-28 қараша күндері елорда көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылатынын айтқан еді.

Пікірлер