Израиль әскері Ливан астанасы Бейрутқ әуе шабуылдарын жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
ВВС дерегінше шабуыл салдарынан тұрғын үйлер мен бейбіт халық зардап шекті. Ливан денсаулық сақтау министрлігі әуе соққысынан төрт адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланғанын хабарлады.
Ливан Ұлттық ақпарат агенттігі ел астанасының халық тығыз орналасқан Баста ауданында бес зымыран шабуылы нәтижесінде 8 қабатты ғимарат толығымен қирағанын айтты. Шабуыл сенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:00 (GMT 0200) шамасында болды.