Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға қатысты шығарған қамауға алу ордері жеткіліксіз, оның үстінен өлім жазасына үкім шығару қажет делінді. Бұл туралы Иранның рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи ресми ирандық IRNA ақпарат агенттігіне мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Сионистік режим Газа секторында әскери қылмыс жасады. Қамауға алу ордерін шығару жеткіліксіз. Нетаньяхуға және осы режимнің қылмыстық басшыларына өлім жазасы шығарылуы керек», – деді Хаменеи «Басидж» милициясының мүшелерімен кездесу барысында.
21 қарашада ХҚС Газа секторында жасалған әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстар үшін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға және елдің Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Йоав Галантқа қамауға алу ордерін шығарған еді.