АҚШ Израиль - Иран шиеленісінің тоқтауын қалайтынын мәлімдеді

782
Adyrna.kz Telegram
Фото: life.ru
Фото: life.ru

АҚШ Израильді Иранның соққысына кері жауап бермеуге шақырды. Себебі бұл жағдайды екі тарап арасындағы әскери қақтығыстың аяқталуы деп санайтынын жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Report агенттігі хабарлады.

«Израиль мен Иран арасындағы тікелей әскери соққыларға келетін болсақ, біз бұл (Израиль тарапынан жасалған операция) тікелей қақтығыстың аяқталуы деп санаймыз. Біз үшін бұл соққылар аяқталуы тиіс қақтығыс деп санаймыз», – деп толықтырды АҚШ өкілі брифинг барысында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, АҚШ бұл пікірді Таяу Шығыстағы көптеген елдерден, соның ішінде Иранмен тығыз байланыстағы елдерден де естіген. Алайда, америкалық шенеунік Тегеранның Израильдің Иранға жасаған жаңа әскери соққысына байланысты қандай қадамдар жасайтыны жөнінде Вашингтонға қандай да бір белгі берген-бермегенін нақтыламады.

Сонымен бірге, АҚШ Иранмен тікелей және жанама байланыс арналарының бар екенін растады.

«Иранмен тікелей және жанама байланыстарымыздың көптеген арналары бар», – деп мәлімдеді америкалық әкімшілік өкілі.

Бұл мәлімдеме АҚШ-тың Иран мен Израиль арасындағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған ұмтылысын көрсетіп, аймақтағы тұрақтылықты сақтауға ықпал етуге тырысатынын аңғартады.

Пікірлер