Денсаулық орталығының өкілі: UTC+5 тарихи уақытқа оралу болып саналады

505
Adyrna.kz Telegram

«Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының» басқарма төрағасының орынбасары Салтанат Назарова адамның өмір сүру қағидаттары  уақытқа (сағат, күн, апта, ай, маусым немесе жыл) байланысты өзгеріп отыратынын айтады.

«Бұл өзгерістер биоырғақ деп аталады. Циркадты ырғақтар – біздің денсаулығымыздың, жұмысқа деген құлшыныстың және ұзақ өмір сүрудің негізі. Көптеген шетелдік зерттеулер көрсеткендей, биоырғақтар организмдегі гормондардың, ферменттердің және басқа да белсенді заттардың деңгейін басқарады, сонымен қатар қан құрамы мен жалпы тепе-теңдікті (гомеостаз) сақтайды. Ұйқы мен сергектікті, демалыс пен белсенділікті, тамақтану мен зат алмасуды реттейтін биоырғақтардың келісілген жұмысы адам денсаулығы үшін маңызды рөл атқарады.

Бірыңғай уақыт белдеуі биологиялық сағатты синхрондау және ресми уақыт пен күнді барынша жақындату арқылы өмірдің табиғи ырғағына оралуға мүмкіндік берді», – дейді ол.

Салтанат Әбдіқадырқызы UTC+6 уақыт белдеуіне алғаш рет 1930-1931 жылдары өткенімізді айтады.

Жалпы, Қазақстанда уақытты есептеу жүйесінің қалыптасу тарихы елдің көп бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқанына қарамастан, алдыңғы UTC+6 уақыт белдеуі алғаш рет 1930-1931 жылдары декреттік, яғни "бұйрықтық" уақытты ("уақыт белдеуі+бір сағат") пайдалану арқылы енгізілгенін көрсетеді. Жалпы, кеңестік кезеңде Қазақстанда командалық-жоспарлы экономика мүддесі үшін табиғи уақыт белдеуі бұйрық тәртібімен сегіз рет өзгерді.  Нәтижесінде Қазақстанда табиғи циклге сәйкес келмейтін уақыт белдеулерінде тұрдық. Осылайша, UTC+5 біздің еліміз үшін жаңа белдеу емес, тарихи негізделген уақытқа оралу болып саналады.

Бүгінгі таңда әлемнің 195 елінің 117-сі географиялық уақытты стандартты уақыт белдеуіне барынша жақын етіп таңдады, өйткені циркадты ырғақтар табиғи күндізгі циклмен синхрондалады», – дейді ол.

Пікірлер