7 маусым күні таңертең Алматы қаласының тұрғындары жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы хабарлады.
Мекеме мәліметінше, жер дүмпуі 2025 жылдың 7 маусымында, Астана уақытымен сағат 8:33-те тіркелген.
"Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық стансалар желісі 2025 жылы 7 маусымда, сағат 08:33-те жер сілкінісін
тіркеді. Жер сілкінісінің координатасы: 41.008 N, 75.278 E", – делінген ресми хабарламада.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан 279 шақырым оңтүстік-батыс бағытта орналасқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінің күші Алматыда 2 балл шамасында сезілген. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.