Шетелден қайтарылған ақшаға ерекше балаларға арналған балабақша салынады

755
Adyrna.kz Telegram
Сурет: norma.uz
Сурет: norma.uz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде қайтарылған қаражат есебінен шамамен 8 млрд теңге әлеуметтік нысандарға бағытталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Үкімет Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салуға 7,8 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Балабақшаның ашылуы 300 ерекше баланы тәрбиемен және түзету көмегімен қамтамасыз етеді.

Қазір облыста ерекше білім беруді қажет ететін 3 жастан 6 жасқа дейінгі 2523-тен астам бала бар, олардың 1320-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Өңірде 4 арнайы түзету балабақшасы жұмыс істейді.

Пікірлер