Черчесовтің кететіні айтылды - өтамақы айтылмады

1229
Adyrna.kz Telegram
Фото: © Reuters
Фото: © Reuters

Станислав Черчесов Қазақстан футбол құрамасынан кетуі мүмкін. Бұл туралы спорт журналисі Ермұхамед Мәулен телеграм арнасында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мауленнің айтуынша, алдағы екі ойын шешуші болады.

«Алдағы екі кездесу Станислав Черчесов үшін өте маңызды болмақ. Нәтижесі тым нашар болса, жұмыстан шығарылуы әбден мүмкін. Жаңа президент жаңа бас бапкерді тағайындағысы келетіні анық», - деді ол.

Келесі ойындарда Қазақстан өз алаңында Австриямен, сыртта Норвегиямен ойнайды.

Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалғалы бері төрт кездесудің ешқайсысында жеңіске жеткен жоқ. Соңғы ойында қазақстандықтар Словениядан минималды 0:1 есебімен ұтылды.

Бұған дейін Черчесов Қазақстан құрамасының жылдың шешуші матчтарына қатысатын құрамын жариялаған болатын.

Айта кетейік, Черчесов қазақ тілін “қорлады” деп айыпталып, айыппұл арқалаған еді.

Пікірлер