Ресейлік дрондар Киевке шабуыл жасады

1101
Adyrna.kz Telegram
Фото: focus.ua
Фото: focus.ua

2 қарашаға қараған түні ұшқышсыз ұшақтар Киевтің әуе кеңістігіне өтіп, соққы жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Соққы салдарынан қаланың бірнеше аумағында өрт шыққан.

Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі дрондардың Ресейге тиесілі екенін хабарлаған.

ВВС ақпаратынша, шабуыл салдарынан Киев қаласының Святошина ауданындағы 16 қабатты тұрғын үйдің жоғарғы екі қабатындағы пәтерлерден өрт шығып, ішінара қираған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Дрондардың сынған бөлшектерінің жерге құлауы Днепр аймағында да тіркеліпті. Киев әскери басқармасының мәліметінше, 9 қабатты тұрғын үйдің бір қабатында балкон өртенген.

Пікірлер