Министрлік Жамбылдағы екі бала неге асылып қалғанын анықтап жатыр

135
Adyrna.kz Telegram

Оқу-ағарту министрлігі Жамбыл облысындағы оқиғаға байланысты мәдемдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Аталған фактілер бойынша құрамында Жамбыл облысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, білім басқармасы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аумақтық департаментінің өкілдері бар арнайы жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында Түймекент ауылында орналасқан мекен-жайларды аралау арқылы мектеп оқушыларының ата-аналарына психологиялық профилактика жүргізіп, осы сынды оқиғаларды болдырмау үшін арнайы кеңес өткізді. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмысы зерттелді. Жасөспірімдердің отбасыларына психологиялық қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, балалардың жеке парақшалары зерттеліп, ойындарға қатысы болуы анықталған жоқ. Жасөспірімдер буллинге ұшырамаған. Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізуде», – деп жазады министрлік.

Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Түймекент ауылында қазанның 26 күні 15 жасар, ал 27 күні 16 жастағы оқушы асылып қайтыс болған еді. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы Нұрадин Рахай өз парақшасында жазған болатын.

Пікірлер