Солтүстік Корея әскері Ресейде не істеп жүр?

837
Adyrna.kz Telegram
Фото: pap.pl.ru
Фото: pap.pl.ru

Ресейде шамамен 12 000 солтүстіккореялық әскери қызметкер бар, оның ішінде 500 офицер мен үш генерал бар және оқу бес әскери базада өтуде. Бұл туралы Украина әскери барлауы бейсенбі күні мәлімдебі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мәлімет бойынша, Ресейде жаттығудан өткен Солтүстік Кореяның алғашқы бөлімшелері Курск облысында орналастырылған.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің орынбасары Юнус-Бек Евкуров Солтүстік Корея әскерилерінің жаттығуларын бақылауға жауапты болып тағайындалды, делінген құжатта.

Ал АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесі өкілінің айтуынша, Мәскеу мен Пхеньянның әскери ынтымақтастығы заңсыз.

Бейсенбі күні Ақ үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби Мәскеу мен Пхеньянның қорғаныс саласындағы кез келген ынтымақтастығы - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ресей қол қойған қарарларын бұзуы екенін айтты.

«Біз кем дегенде бірнеше мың солтүстіккореялық сарбаздың Ресейдің шығысындағы үш әскери жаттығу базасында орналасқанын білеміз.

Біз олардың нақты не үшін дайындалып жатқанын және Украинаға қарсы соғысқа қатысатын-қатыспайтынын білмейміз... Бірақ бұл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын бұзу. Еске сала кетейін, оған Ресейдің өзі қол қойды. Солтүстік Кореядан қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алу да БҰҰ-ның қолданыстағы санкциялары мен қарарларын бұзу болып табылады, оған тағы да Ресейдің өзі қол қойды. Біз мұны мұқият қадағалайтын боламыз», деді Кирби.

Кирби АҚШ Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның келісімнен не күтетінін нақты білмейтінін  және бұл алаңдататынын айтты. 

Джон Кирби АҚШ әскерінің Украинадағы әскери операцияларға тікелей қатысы жоқ екенін еске салды. Ол Майк Тернер бұл туралы айтқанын және президент Джо Байденнің өзі «бұл ұстанымды анық білдіретінін” айта кетті.

Ал Ресей президенті Владимир Путин Қазандағы БРИКС саммитінің қорытынды баспасөз мәслихатында алғаш рет бұл ақпаратқа түсініктеме берді. Ол олардың Ресейде болуын жоққа шығармады, дегенмен олардың қандай мақсатпен келгенін нақтыламады.

Америкалық NBC телекомпаниясының журналисі Путинге “спутниктен түсірілген суреттер КХДР әскерилерінің барын көрсетеді. Олар мұнда не істеп жүр?” деп сұрады . «Ал бұл қақтығыстың айтарлықтай өршуі емес пе?»

«Ресейдің әрекеті шиеленіске себеп болған жоқ», - деп жауап берді Путин.

Сондай-ақ, ол сондай-ақ Батыс елдерін Украина армиясын қаруландырып, соғысуға көмектесті деп те айыптады.

Путин бейсенбі күні Мемлекеттік Думаның осы жазда Пхеньянда Ресей президенті қол қойған Солтүстік Кореямен «жан-жақты стратегиялық серіктестік» туралы келісімді ратификациялағанын еске салды. Шарт оның қатысушыларының біріне қарсы «басқыншылық жағдайында өзара көмек көрсетуді» білдіреді.

Пікірлер