27 қазанда Өзбекстан парламенті төменгі палатасының мерзімінен бұрын сайлауы өтеді

886
Adyrna.kz Telegram
Сурет: www.istockphoto.com
Сурет: www.istockphoto.com

Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы мен жергілікті билік органдарына кезекті сайлау 27 қазанда өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғана агенттігіне сілтеп.

Сайлау нәтижесінде Өзбекстанның Заң шығару палатасының 150 депутаты, Қарақалпақстан Жоғарғы Кеңесінің 65 депутаты, сондай-ақ облыстық, Ташкент және 208 аудандық кеңестер депутаттары сайланады.

Парламент сайлауы алғаш рет аралас сайлау жүйесі – мажоритарлық-пропорционалды жүйе бойынша өтеді. Бір мандатты округтер бойынша 75 депутат мажоритарлық жүйе бойынша сайланады, ал қалған 75 депутат пропорционалдық жүйе бойынша саяси партияларға берілген дауыстар негізінде бір сайлау округі бойынша сайланады.

Барлық деңгейдегі депутаттыққа 29350 адам кандидат болып жарияланды.

Пікірлер