Өзбекстанда қос дөңгелекті жеңіл көліктерге қатысты жаңа шешім шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Енді мопедтер мен скутерлерді міндетті тіркеу енгізілмек. Мұндай шешімге олардың жол ережесін жиі бұзуы себеп болып отыр.
Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі наурыз айында мопедтер мен мотороллерлерді тіркеуді қарастыратын құжат жобасын жариялады. Жақында жол қозғалысы ережелеріне көлік нөмірлерінің жаңа санаттары мен терминдерін енгізетін өзгерістер бекітілді. 18 шілде күні билік көліктерді міндетті тіркеу туралы шешім қабылдаған.
Енді мопедтің жобалық жылдамдығы сағатына 25-тен жоғары және 50 шақырымнан аз, қозғалтқышының көлемі 25-тен жоғары және 50 текше метрден аз көлік құралы болады. Бұл велосипед, квадроцикл және басқа да көлік түрлеріне қатысты екені айтылды.
Ал скутерлерге электр қозғалтқышы бар, қуаты 0,25 кВт-тан жоғары және 4 кВт-тан аз, жобалық жылдамдығы 25-тен жоғары, бірақ сағатына 50 километрден аспайтын көліктер жатады.