Жаңа аймаққа - жас әкім. Ұлытау облысына жаңа басшы тағайындалды

967
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Дастан Рыспеков  Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жаңа әкім Дастан Рыспеков 1984 жыл Жезқазған қаласында туған.

Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің болжамдау және түсімдер бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. 2007-2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, Астана қаласы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2018-2019 жылдары — Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы, 2019 жылдың сәуір айынан бастап «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.

2020-2021 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы.

Осы уақытқа дейін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болды. Ұлытау облысы 2022 жылы құрылды.

Айта кетейік, 9 қазанда Президент Берік Әбдіғалиұлын қызметтен босатқан еді. 

Пікірлер