АЭС-ті Ресей салған жағдайда саяси қауіп қандай?

1115
Adyrna.kz Telegram
Фото: adyrna.kz
Фото: adyrna.kz

АЭС-ті Ресей салған жағдайдағы саяси қауіп қандай? Бұл сұраққа Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның айтуынша, АЭС салатын елдермен арадағы шартта санкциялық келісім қарастырылатын болады.

«Консорциум болатын шығар. Ең бастысы — қауіпсіздік. Сонымен қатар біз салынатын жаңа станса ең тың жобалық шешімдер мен өз саласының көшбасшысы саналатын өндіруші елдің озық технологиясы болғанына мүдделіміз. Сондықтан шешім конфигурация бойынша қабылданады. Онымен мен де, Алмасадам Майданұлы да (Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев) айналыспайды. Арнайы жобалық топ болады. Ал орын алуы мүмкін саяси тәуекелдер туындаған сәтінде, яғни жобалау барысында қарастырылады. Егер мұндай жайт орын алса, онда түрлі компаниялармен, түрлі елдермен арадағы санкциялар ескерілетіні сөзсіз, - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Еске салсақ, 6 қазанда референдумға келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АЭС құрылысын қай ел жүргізеді?» деген сұраққа жауап берген болатын. 

«Бұл оңай мәселе емес. Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздер жүргізуге тиіс. Менің пікірімше, Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі қажет. Қалғанын уақыт көрсетеді», деді мемлекет басшысы.

Пікірлер