Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Жапония премьер-министрі келеді

1372
Adyrna.kz Telegram
Фото: Getty Images
Фото: Getty Images

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“9 тамызда Астана қаласында «Орталық Азия+Жапония» диалогының бірінші саммиті өтеді”, – делінген Ақорда хабарламасында.

10 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.

Пікірлер