Әскери бөлімде жарақат алған. Жарты жыл бойы комада жатқан сарбаз үйіне шығарылды

1398
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Алты айдан астам уақыт комада жатқан ұлттық ұлан сарбазы ауруханадан үйіне шығарылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жас сарбаз ұлттық нейрохирургия орталығында ем алып, әлі қалпына келмесе де, ауруханадан шығарылған.

Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтардың жағдайы мүшкіл. Дәрігерлер оған кәсіби медицина қызметкерлерінің күтімін қажет ететінін айтады. Өйткені ол медициналық қызметкерлердің бақылауымен үнемі дәрі-дәрмек, антибиотиктер, дәрумендер алуы керек.

Ал сарбаздың туыстары жеке дәрігерлердің ақысын төлей алмай отырғанын айтады. Онымен қоса ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтарға  мүгедектік тағайындалмаған.

Пікірлер