"Алты баласы қалды". Қостанайда жұмысшы зауытта қайтыс болды

1235
Adyrna.kz Telegram
Фото: stk-uspeh.ru
Фото: stk-uspeh.ru

Қостанай облысындағы зауытта жұмысшы бетон араластырғышқа құлап, көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға Қостанай ауданының Садовый кентінде «БК-Строй» кірпіш зауытында болды. Полиция департаменті бұл оқиғаны растады.

Қазір еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жұмысшы ресми түрде жұмысқа орналаспаған. Оның орнына құжаттарға сәйкес қызы тіркелген болып шықты.

Марқұмның артында алты баласы қалды.

Пікірлер