Танымал виолончелист Болат Тыныбеков өмірден өтті

2084
Adyrna.kz Telegram

Белгілі қазақстандық виолончелист Болат Тыныбеков 40 жасына қараған шағында өмірден өтті. Қайғылы хабарды өнер иесінің туыстары жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Менің ағам, белгілі виолончелист Болат Тыныбеков қайтыс болды. Соңғы кездері бір-бірімізді сирек көрсек те, оның талантына тәнті болып, шамам келгенше қолдап жүрген едім»,—деді марқұмның қарындасы Айжан Түгелбаева.

Болат Тыныбеков Қарағанды қаласында 1985 жылғы 24 шілдеде дүниеге келген. Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мамандандырылған музыкалық мектебін бітірген.

"Болашақ" бағдарламасының түлегі, Лондондағы Корольдік музыка колледжінде профессор А.Боярскийдің сыныбында білім алған. Алматы қаласында музыкалық мектепте сабақ берді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер