Қостанайда әкімнің жиналысы кезінде жарық өшті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Алауға сілтеп.
Әкімдікте жиналыс кезінде жарық сөнген. Кейіннен электр қуатының сөнуі туралы Қостанай ГЭС басшысы әкімге түсініктеме берді.
Мұндай жағдай бұл өңірде алғаш рет емес көрінеді. Себебі тұрғындар да электр қуатына қатысты жиі шағымданған.
«Бізде электрмен жабдықтау тұрақты болуы керек. Қазандықтарда, қаламыздың барлық жерінде. Сол сияқты «Қостанай-су» тұрақты болуы тиіс. Ешқандай сұрақ болмауы керек. Сол себепті қайта тексеру керек. Тиісінше, емдеу мекемелері де электр қуатынсыз қалмауы қажет. Қалғандарына шыдай аламыз, ал бұған кепілдік берілуі тиіс.
Атап айтқанда, жарықтың өшуі 10кВ «заводская-РП-13» кабельдік желісінің үшінші тарап ұйымының араласуына байланысты болды. Бұл қаланың орталық бөлігінде электр қуатына әсер етті. Сондай-ақ, Қостанай қалалық электр желісі барлық жұмысын «ЭПК-Forfait» ЖШС-мен алдын ала келісу қажет екенін хабарлайды», – деді басшы Есет Әлиев.