Депутаттар халық сеніміне сай болуы керек – Президент

744
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы бүгінгі жиында халықтың депутатқа деген сенімі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Қазір жаңа Бюджет және Салық кодекстері әзірленіп жатыр. Онда жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты реформаның ерекшеліктері ескерілуге тиіс. Үкімет ауыл әкімдерінің бюджетін қалыптастыру және оны жұмсау тәсілдерін қайта қарауы керек. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қаржылық дербестігін арттыру үшін нақты ұсыныстар әзірлеуі қажет. Кодекс жобаларын талқылауға мәслихаттар белсене қатысқаны жөн. Жергілікті бюджет қаржысының дұрыс әрі тиімді бөлінуі өте маңызды. Депутаттар бұл мәселеге зор жауапкершілікпен қарауға тиіс. Мәслихаттар бюджет саясатын, түрлі төлемдердің шекті мөлшерін, елді мекендерді абаттандыру жайын, басқа да мәселелерді ұдайы бақылауда ұстауы қажет”, - деді Президент Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы республикалық бюджеттің кіріс бөлігі толық орындалмай жатқанын атап өтті.

Пікірлер