Сенат депутаты Tiktok желісінің балалар өміріне қаупін айтып, дабыл қақты

775
Adyrna.kz Telegram
Сенат депутаты Геннадий Шиповских желідегі парақшасында республикалық форум туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Бүгін Астана қаласаында,еліміздің төрінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумына қатысты. Форум барысында Мемлекет басшысы көптеген маңызды аспектілерге тоқтады. Айтылған маңызды тақырыптардың бірі бұл - дамып жатқан цифрлы замандағы біздің балаларымыздың жағдайы туралы.
Ол бойынша Президентіміз былай деді:
Біздің қоғам қазір бетпе-бет келген көптеген мәселе мен кеселдің түп-тамыры ата-аналардың бала тәрбиесіне салғырт қарауынан басталады. Ұрпақтың цифрлық дүниелерге тәуелді болуы мен виртуалды әлемге шектен тыс құмартуы нағыз дертке айналды. Балаларға қатысты кез келген қайғылы жағдай менің жаныма батады. Мемлекеттік органдардың назарын дереу осындай жағдайларға аударып, тиісті тапсырмалар беріп, орындалуын тұрақты бақылауымда ұстаймын. Бұл әскердегі оқыс оқиғаларға да қатысты", - делінген Facebook желісіндегі жазбада.
Айта кетейік, Геннадий Шиповских бірнеше рет Tiktok желісін бұғаттау туралы пікір айтып, бірнеше рет жазба жариялаған.
"Сөз жоқ, заманауи технологиялар дамуға даңғыл жол ашады, сондай-ақ өмірімізге айтарлықтай қауіп те төндіреді. Танымал әлеуметтік желілер балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін. Ата-аналар балаларының тәрбиесін мемлекетке немесе мектепке ысыра салмауы керек. Гаджеттердің құрсауында қалдыруға тіпті болмайды. Балаларына цифрлық гигиенаның қарапайым ережелерін үйретуге ата-ана жауапты. Ұл-қыздарымызға көңіл бөлу, бірге уақыт өткізу, оларды алаңдатқан мәселелер жайында әңгімелесу маңызды. Баланың смартфон немесе компьютер пайдаланған кезінде не істеп жатқанын қатаң қадағалау қажет. Жеткіншектер онымен неғұрлым аз әуестенсе, соғұрлым жақсы. Одан гөрі далаға шығып, таза ауада серуендесін, өзі құралпы балалармен ойнасын». Бұл тақырып бойынша, яғни TikTok әлеуметтік желіні реттеу бойынша, осы дүниені дұрыс жолға түсіруге қатысты әріптесіміз Сатвалдиев Алишер көтерген болатын. Ал бүгін “Бір ел-бір мүдде” Сенат депутаттарының тобы болып, осы мәселені қайтадан көтердік. Бір сөзбен осы TikTok желісін реттемей, біздің балаларымыздың мәселесі түзелмейді!" - деп жазған.
Пікірлер