Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында топ жарды

210
Adyrna.kz Telegram
Фото: wfrk.kz
Фото: wfrk.kz

Қатар астанасы Дохада ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстандық ауыр атлеттер бұл бәсекеде топ жарды.

Ауыр атлетикадан Қазақстанның жастар құрамасы бұл додада жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы 12 алтын медаль жеңіп алды және командалық есепте бірінші орынға ие болды. Айта кететін жайт – бұл чемпионатқа Азияның басты фавориттері саналатын Қытай мен Солтүстік Корея құрамалары қатысқан жоқ.

Екінші орынды Өзбекстан спортшылары иеленді, олардың еншісінде 10 алтын медаль бар. Ал үздік үштікке 9 алтын жүлде жеңіп алған Вьетнам құрамасы кірді. Жастар арасындағы медаль кестесі:

Қазақстан – 12 алтын, 9 күміс, 12 қола (33 медаль);
Өзбекстан – 10 алтын, 7 күміс, 2 қола (19 медаль);
Вьетнам – 9 алтын, 16 күміс, 9 қола 34 медаль);
Үндістан – 7 алтын, 8 күміс, 6 қола (21 медаль);
Иран – 6 алтын, 4 күміс, 6 қола (16 медаль).

Жасөспірімдер арасындағы жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 8 алтын медальмен жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтады. Жасөспірімдер арасындағы медаль кестесі:

Вьетнам – 11 алтын, 5 күміс, 2 қола (18 медаль);
Таиланд – 10 алтын, 1 күміс, 8 қола (19 медаль);
Түрікменстан – 9 алтын, 3 күміс, 4 қола (16 медаль);
Қазақстан – 8 алтын, 4 күміс, 9 қола (21 медаль);
Өзбекстан – 7 алтын, 10 күміс, 8 қола (25 медаль).

Пікірлер