БҚО-да өрт кезінде балалар көпқабатты үйдің терезесінен секірді

1362
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Батыс Қазақстан облысында өрт кезінде көпқабатты үйдің терезесінен секірген балалар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Мой Город» басылымына сілтеп.

«Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген қорқынышты бейнелер тарауда. Видеода төртінші қабаттың терезесінен екі кішкентай баланың секіріп жатқанын көруге болады, ал төменде оларды ер адамдар арнайы созылған жабынмен ұстап алмақ болған. Өкінішке қарай, екінші бала құлаған кезде жабынның шеті үзіліп кеткен. Екі бала да ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі кейінірек олардың жағдайына қатысты түсініктеме беруге уәде берді», – делінген хабарламада.

Мәліметтерге сәйкес, өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласындағы 10-ықшам аудандағы №19 үйде болған. БҚО ТЖД мәліметінше, төртінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен жеке заттар жанған. Өрттің ауданы 60 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар 12 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялаған.

Өрттің себептерін мамандар анықтап жатыр. Ақсай қаласының әкімдігі бұл жағдайдың бақылауда екенін және отбасыға көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер