Көлік министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты пікір білдірді

806
Adyrna.kz Telegram
Фото: Air Astana
Фото: Air Astana

Қазақстандық әуекомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өту ұсынылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Сейсенбіде Иран, Израиль, Иордания, Ирактың және аймақтың басқа елдерінің үстінен өтетін рейстерді билік тоқтатты, бұл әуекомпанияларды дереу әрекет етуге және рейстерінің бағытын өзгертуге мәжбүр етті. Көлік министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық әуекомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өтуге немесе баламалы бағыттарды таңдауға, сондай-ақ тиісті өңірде ұшу бойынша бұрын жолданған нұсқаулар мен ұсынымдарды басшылыққа алуға ұсынылады», - деді Көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.

Пікірлер