Бұрын-соңды болмаған экономикалық дағдарыс. Иран халқы наразылық білдіруде

1104
Adyrna.kz Telegram
Фото: iranintl.com
Фото: iranintl.com

Иранның онға жуық қаласында, оның ішінде Тегеранда тұрғындар зейнетақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді көбейтуді, сондай-ақ еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен шерулер өткізді. Бұл туралы Iran International жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Наразылық шерулері жексенбі, 7 шілде реформатор Масуд Пезешкянның (Пезешкян) жеңісімен аяқталған кезектен тыс президент сайлауының екінші туры аясында өтті. Шеруге зейнеткерлер мен бұрын мұнай-химия кәсіпорындарында жұмыс істеген жұмыссыздар шықты.

Наразылық білдірушілер зейнетақы мен жәрдемақыны кедейлік шегінің нақты деңгейіне дейін көтеруді, тегін және сапалы медициналық қызмет көрсетуді, жұмыс орнын қамтамасыз етуді және жалақыны көтеруді талап етті.

Бұған қоса, бірнеше ұзаққа созылған ереуілдер туралы хабарланды. Елдің солтүстігіндегі Рудбарда сумен жабдықтаушылар сегіз айлық жалақы қарызын төлеуді талап етіп, наразылық танытуда. Иранның оңтүстігінде желтоқсан айынан бері ақша алмаған мұнай-газ компанияларының қызметкерлері де ереуіл арқылы мәселесін шешпек.

Наразылық білдірушілер жалақы берешегін жабумен қатар, тәуелсіз кәсіподақтарды құруды және саладағы «қанаушы мердігерлерді» жоюды талап етуде. Соңғы он жылда мұнай-газ секторы делдал ретінде әрекет ететін күшті мемлекеттік шенеуніктерге аутсорсингке берілгені нақтыланды. Осыдан кейін жалақыны қысқарту және еңбек жағдайларын күшейту басталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иран бұрын-соңды болмаған экономикалық дағдарысты бастан кешуде. Жылдық инфляция шамамен 50%-ды құрайды. Ең төменгі жалақы доллар эквивалентінде $190 құрайды, бұл ел тұрғындарын күнкөріс қамымен күресуге мәжбүр етеді. Тегерандағы күнкөріс деңгейі шамамен $500, басқа қалаларда $350 құрайды.

Кейбір шерушілер Ислам Республикасы билігінен кәсіподақ белсендісі Шарифа Мохаммадиге шығарылған өлім жазасын жоюды да талап етіп жатқаны атап өтілді. Көпшілік әйелдер тек батыл мәлімдемелері мен үкіметті сынағаны үшін ғана қудаланады деп есептейді.

Пікірлер