Түркі дүниесі бірлігіне қосылған үлес...

1062
Adyrna.kz Telegram

Алматыда 25-28 қыркүйек аралығында "Түркі дүниесі жас ақындарының халықаралық поэзия фестивалі" өтті. Фестивальді Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Халықаралық “Түріксой” ұйымы және "Тұлға-достық" қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Фестивальдің 26 қыркүйектегі салтанатты ашылуына Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев, Қазақстан Жазышылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов, Халықаралық “Түріксой” ұйымының Бас хатшысы Султан Раев, Қырғызстан Жазушылар одағының төрағасы Қаныбек Иманалиев, көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулет,  Көркемсурет академиясының президентті Амандос Ақанаев,  Данияр Әлкебайұлы, Қайрат Мұқанов, Ырысбек Мәуіт, Вячеслав ВАВИЛИН, Абай Арап, Арман Сарынов, Алмас Айдар, Нұрлан Сыдық, Талғат Әсет, Жанар Сейітбаттал, қатарлы басқа да зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар қатысты.

Фестивальдің ашылуында Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстанның жас ақындары жалындап жыр оқыды.


Фестиваль "Поэзия аллеясында" ашылып, кеште  “Алатау” дәстүрлі өнер театрында жалғасын тапты. “Алатау” дәстүрлі өнер театрында өткен "Түркілер үні" жыр кешін Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Арман Қалыбеков ашып берді.  Сұлтан Раев жас ақындарға “Түріксойдың” арнайы  медалімен, дипломдармен марапатталды.

27 қыркүйек күні Алматы қаласына саяхат ұйымдастырылып, ақындар Көктөбеден көркем Алматыны тамашалады. Түстен кейін әл-Фараби атындығы Қазақ ұлттық университетінде ректораттың мәжіліс залында студенттермен кездесу кеші өтті. Шараны халықаралық алаш сыйлығының иегері көрнекті жазушы Нұрғали Ораз жүргізді.


28 қыркүйекте фестивальдің жабылуы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өтті.  Шараға ақын, философ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, “Түріксойдың” Бас хатшысының кеңесшісі, "Тұлға-достық" қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқан жауапты болып, “Тұлға-достық клубының мүшелерінің, "Зерделі" ақыл-ой дамыту мектептер желісінің демеушілігімен атқарып шықты. Жас ақындардың жаны тоғысып қайтты. Фестиваль түркі дүниесі бірлігіне қосылған үлес болды.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер