Қазақтың бұлбұлы – Бибігүл. Ғасырға татитын бір ғұмыр

716
Adyrna.kz Telegram
Сурет: madeniportal.kz
Сурет: madeniportal.kz

Бүгін әсем үнімен миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулаған опера әншісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақ КСР халық әртісі Бибігүл Ахметқызы 95 жасқа толды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Аты аңызға айналған өнер иесі 1929 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған. Халық әртісі әлемнің ең үздік  оркестрлері — Осипов атындағы орыс ұлттық  академиялық ұлт аспаптар оркестрі, Чайковский атындағы үлкен симфониялық оркестрі, принц Уэльскийдің (Ұлыбритания) камералық оркестрімен бірге  ән салған.

1991 жылдың 21 желтоқсанында КСРО президентінің қаулысымен Бибігүл Төлегеноваға музыка өнерінің дамуына қосқан үлкен үлесі үшін Ленин атындағы ордені және «Балға мен орақ» медалімен қатар Социалистік Еңбек ері атағы берілді. «Еңбек Қызыл ту» орденімен, Ленин атындағы орденмен екі мәрте марапатталған. Бибігүл Ахметқызы өзінің 70 жылдан аса шығармашылық жолында жүздеген опералық партияларды орындап, “Дала қызы", "Біздің сүйікті дәрігер", "Бұл Шұғылада болған", "Тақиялы періште" фильмдерінде өзіндік бейнелерін жасады.

Пікірлер