«Хәрри Поттерде» ойнаған актриса Мэгги Смит өмірден өтті

884
Adyrna.kz Telegram
Фото: DR
Фото: DR

«Хәрри Поттер» фильмінде профессор МакГонагалл рөлін сомдаған британ актрисасы Мэгги Смит 89 жасында қайтыс болды. Бұл туралы шетелдік БАҚ өкілдері жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Маргарет Натали Смит көпшілікке Мэгги Смит есімімен танымал. Ол 1934 жылы 28 желтоқсанда Ұлыбританияның Эссекс аймағында Илфорд қаласында дүниеге келген.

Оксфорд университетінде білім алған. Сахнаға алғаш рет осы оқу ордасының қабырғасында шықты.

1952 жылдан бастап кәсіби театрда ойнаған.

Ал кинода көбінде қатал мінезді адамдардың рөлін сомдады. Соның бірі — «Хәрри Поттер» франшизасындағы профессор Минерва Макгонагал.

2007 жылы Смит сүт безі қатерлі ісігіне шалдықты, бұл «Хәрри Поттердің» алтыншы бөлімін түсіру кезінде белгілі болған.

Ауыр сырқатына қарамастан актриса түсірілімін үзген жоқ.

Мэгги Смит — екі мәрте «Оскар», жеті мәрте BAFTA, сондай-ақ «Алтын глобус» сыйлығының үш дүркін иегері.

Пікірлер