Санкциядағы Ресей газының қазақ жері арқылы транзиті өсе түскен

881
Adyrna.kz Telegram
фото: қазақпарат
фото: қазақпарат

Қазақстан аумағында сегіз айдың ішінде ресейлік газдың транзиті үш есеге жуық артқаны анықталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы энергетика министрлігі хабарлады.

«2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан Республикасы аумағы арқылы ресейлік газдың транзиті 3,473 млрд текше метрді құрады», - делінген сәрсенбі күні энергетика министрлігінің хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша транзит 1,28 млрд текше метрді құрады. 2024 жылдың сегіз айында транзит бүкіл 2023 жылғы транзиттен 2,7 есе асып түскен.

Пікірлер