Қазақстандағы компаниялар Ұлыбритания санкциясына ұшырады

989
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандағы бірнеше компанияға санкция салынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Елдегі 6 компаниясы Ұлыбританияның санкциялар тізіміне енді.

Ресей әскерін тауармен қамтамасыз етуге қатысы бар делінген тізімде Қазақстаннан бөлек, Қытай, Түркия, Өзбекстан және Ливия компаниялары да бар.

Ұлыбритания үкіметі санкциялар тізіміне енген компаниялар ресейлік әскери-өнеркәсіптік кешен үшін станоктар, микроэлектроника, ұшқышсыз ұшақтардың құрамдас бөліктері, шарикті подшипниктер және басқа да тауарларды жеткізумен айналысқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, қазақстандық DA GROUP 22 компаниясы Ресейге көмектескені үшін Еуроодақ санкцияларының 14-пакетіне іліккен болатын.

Пікірлер