Тамбурдағы әлімжеттік. 1 жыл бұрын сарбазды ұрған адамның кім екені анықталды

1690
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Әлеуметтік желіде тараған видеода сарбазды пойыз тамбурында ұрған ер адамның кім екені анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан видеоның мән-жайын анықтауды тапсырған еді.

Белгілі болғандай, оқиға 2023 жылдың күзінде, қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметшілер үйге оралған кезде түсірілгені анықталды.

“Осы факт бойынша 2024 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі "Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды”,- деп хабарлады ІІМ.

Барлық қатысушы, атап айтқанда, куәгер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды. Күдіктілерді ұстауға бағытталған шаралар қабылданып жатқаны айтылды.

Пікірлер