Астанадағы супермаркеттердің бірінде жігіт пен қыздың ұрлық жасағаны айтылды

998
Adyrna.kz Telegram
фото: видео кадрынан
фото: видео кадрынан

Астанадағы супермаркеттердің бірінде 19 жастағы жігіт пен 17 жастағы қыздың ұрлық жасағаны анықталды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы

Астана полиция департаментінің мәліметінше, жастар жеке жүріп те, жұптасып та ұрлық қылған. Олардың қылмыстық әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрдан жігіт пен қыздың дүкеннің алкоголь сататын бөлімінде тұрып, үлкен сөмкеге бөтелкелер салып жатқанын байқауға болады.

"Олар бөтелке датчиктерін жұлып алып, пакеттерді кіреберіс арқылы өткізген. Тағы бір тұсынан байқасақ, тұрмыстық химия бөлімінде бір жігіт сусабын бөтелкелерін ұрлап кеткен. Олар ұрланған тауарларды кездейсоқ адамдарға арзан бағамен сатып жіберген. Күдіктілер супермаркеттердегі ұрлықтың 15 эпизодына қатысты деп танылды, бірақ ұқсас қылмыстар тағы да болуы мүмкін», - деді полиция.

Қазіргі уақытта 17 жастағы қыз кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікірлер