Семейде сиырларды жеңіл көлікке тиеп алған ер адам ұсталды

995
Adyrna.kz Telegram
фото: видео кадрынан
фото: видео кадрынан

Семейде Абай облысының тұрғыны сиырларын көлікке мінгестіріп, тасымалдаған. Полиция ер адамды анықтады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде «Жигули» көлігінің жүргізушісінің көлік ішінде сиырларды тиеп алып бара жатқан видеосы тараған еді. Кадрлардан артқы орындықта «жайғасып» отырған екі сиырды көруге болады.

Полицейлер жүргізушінің кім екенін анықтады.

"35 жастағы ВАЗ-21060 көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы баптың санкциясымен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген" делінген ПД баспасөз қызметінен.

Пікірлер